15:36 Қазақстан

Ақмола облысында рапс майын тасымалдаған вагондар рельстен шығып кетті

Кеше кешке Ақмола облысы Макинка станциясына іргелес «Бота 2015» ЖШС кірме жолында рапс майы бар сегіз вагон рельстен шығып кетті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК баспасөз қызметі хабарлады.

«Рапс майымен тиелген 12 вагон өздігінен жүріп кетіп, содан кейін олардың сегізі станцияның тұйықталуында аударылған», - деп ұлттық компанияда хабарлады.

ҚТЖ ақпараты бойынша, маневрлік операцияларға тартылған локомотив жеке компанияға тиесілі.

«Оқиға жекеменшік ұйым қызметкерлерінің кінәсінен болған. Нәтижесінде байланыс желісінің құрылғылары зақымдалды. Зардап шеккендер жоқ, пойыздардың қозғалысында кідірістер бар. Вагондардың істен шығу себептері тексерілуде», - деп баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта қозғалыс қалпына келтіріліп, оқиғаның салдары жойылды.