Қарағандыда ірі нан комбинаты жабылуда
Қарағандыда желтоқсан айында ірі нан комбинаттарының бірі - 2017 жылы іске қосылған «Сарыарқа Нан» жабылады. Бұл туралы ekaraganda.kz хабарлады.
Зауыттың жабылу себептері хабарланған жоқ. Сонымен қатар, кәсіпорынның заң бөлімінде зауыттың қызметі толығымен тоқтатылатынын растады. Ресми бұйрық негізінде жеткізушілер мен қызметкерлерге хабарлама жіберу басталды. Компанияның мәліметінше, «Сарыарка Нан»-да 500-ден астам адам еңбек етуде — олардың барлығы жұмыстан босатылады.
Сондай-ақ, өнімдерді сату үшін бұрын бүкіл қала бойынша ашылған «Сарыарқа Нан» павильондарының жұмысы тоқтатылады. Компания болашақта сауда нүктелері сатылымға шығарылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.