14:16 Қазақстан

Көкшетауда фермер мен сүт өңдеуші субсидияларды жымқырғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды

Көкшетаудағы сот «МолПродЖаркаин» ӘКК директоры мен «Рассвет» ШҚ басшысын 152 млн теңге көлемінде субсидияларды заңсыз алды деп тапты. Олардың екеуі де алты жылға және төрт айға бас бостандығынан айырылады. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, ӘКК мен шаруа қожалығында екі жыл ішінде сүт өндіруді және оны терең өңдеу өнімдерін арзандатуға арналған субсидиялар заңсыз алынған.

«Рассвет» ШҚ іс жүзінде мәлімделген сүт көлемін өндіру үшін қажетті мал басы болған жоқ. Осыған қарамастан, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде «МолПродЖаркаин» ӘКК-ға 3 млн кг астам шикі сүтті жеткізу туралы жалған құжаттар ресімделді. Олардың негізінде сүтті сары май мен қатты ірімшікке өңдеу туралы есептілік қалыптасты», - деп ҚМА хабарлады.

Мемлекетке жалпы шығын 152 млн теңгені құрады.

Сондай-ақ, ҚМА алынған субсидиялардың бір бөлігін жасыру мақсатында ӘКК директорының туысының депозиттік шотына аударылғанын хабарлады. Кейіннен аталған қаражатқа жалға беру және табыс алу үшін пайдаланылған ғимарат сатып алынды.

Тергеу барысында алты жер учаскесіне, төрт пәтерге, 11 автокөлікке, жылжымалы ғимаратқа, өнеркәсіптік-өндірістік құрылысқа тыйым салынды.

Соттың шешімі бойынша жылжымалы ғимарат мемлекет кірісіне тәркіленді. Өзге мүлікке тыйым салу азаматтық талап қою бөлігінде үкім толық орындалғанға дейін сақталды.