2019 жылы аса қауіпті зиянды организмдердің егін алқаптарына таралуы 25,5% азайды
Аса қауіпті зиянды организмдердің таралуына қарсы фитосанитариялық іс-шаралардың уақтылы жүргізілгендігіне байланысты биыл 2019 жылы олардың таралу аумағы 1,2 млн гектарға дейін немесе 2018 жылмен салыстырғанда 25,5% төмендеп отыр, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.
Атап айтқанда, үйірлі шегіртке зиянкестерінің таралу аумағы 67% - ға төмендеді. Бұл дәнді дақылдардың және бұршақты дақылдар мен жемге арналған азықтың мол түсім беруі үшін жақсы жағдай болып табылады.
Хабарламада сондай-ақ, 2019 жылы ҚР-дың фитосанитариялық қызметі ел аумағын аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік нысандар бойынша аймақтандыру жұмыстарын жүргізгендігі атап көрсетілген.
Жалпы алғанда соңғы үш жылдағы деректер аса қауіпті зиянды организмдердің таралу алқаптарының төмендегенін көрсетеді, ал карантиндік нысандардың ауданы 75,2 мың гектар жерді құрайды, бұл 2018 жылғы деңгейден 40% төмен.
Естеріңізге сала кетсек, "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжам әдістемелік орталығы" РММ-нің бағалауы бойынша, 2020 жылы республикадағы егіс алқаптарына аса қауіпті зиянды организмдердің ауру тарату аумағы 3,7 млн гектар жерді құрайды.
Сонымен қатар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, алдағы уақытта 554 мың гектар жерге зиянкестер таралуы мүмкін деп, 2020 жылға үйірлі шегірткелерге қарсы күресу үшін 1 млрд теңге бюджеттен қаражат қарастырылған.