08:10 Қазақстан

Үкімет АӨК-тегі инвестициялық жобаларға несиелер сомасын қайта бөлді

Қазақстанның үкіметі «2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы «Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2025 жылғы 10 желтоқсандағы қаулыға өзгерістер енгізді. Жаңа қаулыда облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға несие беру сомалары қайта бөлінді.

Алдыңғы қаулыдағыдай, осы мақсаттарға барлығы 100 млн теңге бөлу жоспарлануда. Бұл ретте Ақмола облысында қаржыландыру - 9 млн теңгеден 16,5 млн теңгеге дейін, Қостанай облысында - 9 млн теңгеден 10,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.

Батыс Қазақстан облысында бюджет сомасы - 6 млн теңгеден 4,5 млн теңгеге дейін және Павлодар облысында - 7,5 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін азайтылды.

Жаңа қаулыдан Алматы облысы алынып тасталды, бұған дейін АӨК инвестициялық жобаларын несиелеуге 5 млн теңге бөлу жоспарланған болатын.

Жаңа қаулыға сәйкес қаражат келесідей бөлінеді:

  1. Ақмола облысы-16 500 000 теңге
  2. Ақтөбе облысы - 3 000 000 теңге
  3. Атырау облысы - 4 000 000 теңге
  4. Шығыс Қазақстан облысы - 4 000 000 теңге
  5. Жамбыл облысы - 6 500 000 теңге
  6. Батыс Қазақстан облысы - 4 500 000 теңге
  7. Қарағанды облысы - 7 000 000 теңге
  8. Қостанай облысы - 10 500 000 теңге
  9. Қызылорда облысы - 4 000 000 теңге
  10. Маңғыстау облысы - 4 000 000 теңге
  11. Абай облысы - 7 000 000 теңге
  12. Жетісу облысы - 5 000 000 теңге
  13. Ұлытау облысы - 4 000 000 теңге
  14. Павлодар облысы - 5 000 000 теңге
  15. Солтүстік Қазақстан облысы - 9 000 000 теңге
  16. Түркістан облысы - 6 000 000 теңге