ElDala.kz жыл сайынғы «Қазақстанның агробизнесі» инфобугын шығарады
ElDala.kz командасы өткен аграрлық маусымның қорытындысы бойынша дәстүрлі «Қазақстанның агробизнесі» инфобугын шығарады. Онда агроөнеркәсіптік кешеннің дамуының негізгі қорытындылары инфографика форматында ұсынылады. Анықтамалық өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, қайта өңдеу, сауда және қаржы сияқты негізгі салалардың барлығын қамтиды.
Инфобук агросектордың негізгі салаларының қазіргі жағдайы және сала экономикасында болып жатқан үдерістер туралы толық ақпарат береді. Агробизнес үшін бұл ақпарат нарықты талдау және басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде аса құнды.
Инфобукта өткен жылға қатысты барлық статистикалық ақпарат жинақталып, жүйеленген. Анықтамалықтың инфографика түріндегі форматы қажетті деректерді ұзақ мәтіндерді оқып отырмай-ақ, тез табуға және ақпаратты оңай қабылдауға мүмкіндік береді.
Инфобук агрохолдингтердің басшыларына, шаруа және фермер қожалықтарына, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерге, өндіріс құралдарын жеткізушілерге, трейдерлерге, мемлекеттік қызметкерлерге және аграрлық өндірістің дамуына қатысы бар барлық мамандарға арналған. Сондай-ақ анықтамалық Қазақстан нарығына шығуды жоспарлап отырған компаниялар үшін де тамаша құрал болмақ.
Анықтамалық үш тілде — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылады және оқырмандарға тегін жүктеп алуға қолжетімді.
Бұл ElDala.kz командасының «Қазақстанның агробизнесі» атты үшінші ақпараттық анықтамалығы. 2022 және 2023 жылдарға арналған алдыңғы екі инфобуктың әрқайсысы жыл сайын мыңнан астам рет жүктелген. Сонымен қатар, басылымның қағаз нұсқасы да шығарылады. Оны біз жыл сайын серіктестерімізге ыңғайлы форматта пайдалану үшін ұсынамыз.
ElDala.kz порталы серіктестерін жаңа Инфобукты дайындауға қатысуға шақырады. Ынтымақтастық мәселелері бойынша Гүлзия Асылбековаға хабарласуыңызды сұраймыз:
- +7 707 307 1182
- assylbekova@eldala.kz