Қостанай және Қарағанды фермерлері жәрмеңкеге 980 тонна азық-түлік әкеледі
Нұр-Сұлтан қаласында 3-4 қазан күндері Хан-Шатыр сауда ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда Қостанай және Қарағанды облыстары фермерлерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
«Кәсіпорындар 980 тонна көлемінде 100-ден астам өнңм түрлерін сатуды жоспарлап отыр, оның ішінде түрлі ет өнімдерінен - 150 тоннадан астам, сүт өнімдері - 50 тонна, шұжықтар мен жартылай фабрикаттар - 20 тонна, балық - 5 тонна, жарма және макарон өнімдері - 30 тонна, картоп пен көкөністер - 60 тонна, ұн - 50 тонна. Сондай-ақ, ұсынылған өнімдердің қатарына наубайхана, кондитерлік өнімдер, бал және басқалары кіреді », - деп хабарлады әкімдіктен.
Барлық өнімдер орташа нарықтық бағадан 10-15% төмен сатылатын болады.
Нұр-Сұлтан қаласындағы жәрмеңкеге екі облыстың 14 ауданы мен 7 қаласынан 130-дан астам кәсіпорынның өкілдері келеді. Атап айтқанда, өнімдерді Қазақстан Республикасында және шетелде танымал сүт және ет өндіретін кәсіпорындар ұсынады: Шахтерское, Нәтиже, Ren Milk, Евразиан Фудс, Құлагер, Дедов, Мецгер, Милх, ДЕП, Лидер-2010, Баян Сұлу; Шаруа қожалықтарынан: Тэрра және Қаржау, Terra Meat компаниясы, Торғай Ет,Қорғау, Sher-777 және басқа да компаниялар.
Әкімдік жәрмеңкеге келетін сатып алушылар бетперде киіп, зарарсыздандыру құралдарын қолдануы керек екенін еске салды.