12 марта 2020
Қазақстан
Посевные площади сельхозкультур в 2020 г. увеличатся на 237,7 тыс. га ― Минсельхоз
Қазақстанда 2020 жылы егіс алқабы 22,5 млн га құрайды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 237,7 мың гектарға артық, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз-қызметі.
Сонымен қатар дәнді және бұршақты дақылдар өткен жылға қарағанда (2019 жылы 15,4 млн га, ал биыл 15,2 млн га) аз себілетін болады, ал майлы дақылдар керісінше 3 млн гектар болды, ол 2019 жылға қарағанда 122,2 мың гектарға артық болып саналады.
Биылғы жылы көкөніс-бақша дақылдары және картоптың көлемі 2019 жылғымен салыстырғанда 19,3 мың гектарға, мал азығы – 308,6 мың гектарға артық отырғызылады деп күтілуде.