Aladdin платформасына Қазақстандық халал өндірушілер шақырылды
Қазақстандық өндірушілер Халал өнімдеріне мамандандырылған Малайзияның Aladdin Group электронды сауда платформасына кіре алады. QazTradе сауда саясатын дамыту орталығы хабарлайды.
Ағымдағы жылдың ақпан айында ҚР-дың Малайзиядағы Елшілігі Aladdin және ҚР Сауда және интеграция министрлігі арасында конференция ұйымдастырды. Тараптар электронды коммерция, Aladdin платформасындағы халал өнімдерінің саудасы, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың Оңтүстік-Шығыс Азия және Малайзия компанияларының Орталық Азия мен ЕАЭО нарықтарына шығуы саласындағы өзара ынтымақтастықта жұмыс істеу мүмкіндіктерін талқылады.Бейнеконференция нәтижесінде екі тарап арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге келді.
Атап айтқанда, тараптар Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына тауар шығаратын қазақстандық компаниялардың тізімін әзірлеуге, Aladdin «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркеуге және Сауда министрлігі мен Aladdin арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға келісті.
Наурыз айында Сауда және интеграция министрлігі мен Алладин тобы халал өнімдерінің экспортын дамыту және электронды сауда жасау мақсатында ынтымақтастықты арттыру туралы меморандумға қол қойды.
Тақырыпқа байланысты оқу: KazBeef Дубайға сиыр етін экспорттай бастады
QazTrade-де атап өткендей, азық-түлік өнімдерін және басқа да тауарларды сататын халал өнімдерінің әлемдік нарығы жылына шамамен $2,3 трлн бағаланады, бұл әлемдегі 1,6 млрд мұсылман халқын қамтамасыз етеді. Бұл сегментте тамақ шамамен 67% құрайды.
Aladdin 2016 жылы құрылған және ол халал өнімдерін сатуға бағытталған әлемдегі алғашқы электрондық нарықтардың бірі болып табылады. Aladdin әлемдегі 1,45 млрд адамға қызмет көрсететін және тұтынушылардың осы сегментіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін 40-тан астам елдегі стратегиялық серіктестіктер арқылы жеткізілім тізбегіндегі күрделі мәселелерді шешеді. Компания қатысушы компаниялар үшін арнайы маркетингті ұсынады, мамандар әлеуетті сатып алушыларға жету үшін платформада өнімдер мен қызметтерді енгізуге көмектеседі.