27 марта 2020 Қазақстан

BASF компаниясы фермерлерге өсімдікті қорғайтын жаңа құралдарды ұсынды

BASF концерн өкілдері Қазақстанның егін егетін аймақтарын аралап, СИСТИВА® атты өсімдікті қорғаудың жаңа құралдарын ұсынды.

Бұл туралы компанияның баспасөз  ақпараты хабарлады.

Аталған өнім КСЕМИУМ® атты жаңа белсенді ингредиентке негізделген, соның арқасында дәнді дақылдар өндірісінің стандартты процесі тиімдірек болады.

Өскемен, Петропавловск, Щучинск және Қостанайдағы фермерлер мен дистрибьюторлар қатысқан семинарларда СИСТИВА®-мен қатар, басқа да инновациялық  фунгицидтер ұсынылды.

BASF концернінің спикерлері — тұқымдарды қайта өңдеу бойынша техникалық менеджер Пол Кавелл және техникалық менеджер Тодор Евтимов — зертханаларда және Батыс, Шығыс Еуропа мен ТМД алқаптарында жүргізілген сынақтардың нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынды. Сонымен қатар аталған тесттер  Қазақстанға климаттық жағдайы жақын Болгария елінде өткізілген.

Компания өкілдерінің айтуы бойынша, фермерлер келесідей препараттарға қызығушылық танытты: СИСТИВА®, ЦЕРИАКС® Плюс және ПРИАКСОР®. 

Семинар аяқталғанда компания мамандары СИСТИВА® препараттарын жеңіп алу үшін  лотерея ойнатты, оның мөлшері 100 га жерге жетеді.  

Биылғы жылдың келесі маусымында ниет білдірушілер BASF компаниясы ұйымдастырған далалық күндер аясында жаңа дәріні жеңіп алған фермерлердің өнеркәсіптік дақылдарын көру үшін олардың егістігіне бара алады. Фермерлер осылайша дәнді дақылдарды қорғау технологиясы арқылы жаңа препараттың тиімділігін бағалауға мүмкіндктері болады.

BASF-тің аймақтық өкілдері өз тараптарынан  фермерлерге мониторинг жүргізіп, техникалық қолдау көрсететін болады.