Қазақстан Республикасының фермерлеріне арналған DSSAT болжау моделі қосымша ретінде пайда болды
Ағымдағы жылы Қазгидромет Орталық Азиядағы Республикалық Экология орталығының қолдауымен фермерлерге арналған AgroData қосымшасында DSSAT атты дақылдарды болжау моделін жасап шығарды. Бұл ақпаратты Қазгидромет хабарлады.
«Бұл құрал егіннің өсуі мен шығуын болжауға мүмкіндік береді, жақсы өнім алу үшін суару мен тыңайтқышты пайдалану мөлшерін анықтайды», - деп түсіндірді синоптиктер.
AgroData қосымшасы фермерлер мен шаруа қожалықтарына агрометеорологиялық қызмет көрсету үшін 2020 жылы іске қосылды. Оны кез-келген мобильді құрылғыдан https://agrodata.kz сілтемесі арқылы алуға болады және жүктеудің қажеті жоқ.
AgroData мемлекеттік бақылау желісіндегі агрометеорологиялық ақпаратты ақысыз жариялайды. Қосымшада: дақылдарды егудің оңтайлы мерзімі, топырақтағы ылғал қорының мөлшері, құрғақшылық пен өнімділік, ауа-райы болжамдары бар.
Сонымен қатар бұл қосымша жерді қашықтықтан зондтау көмегімен бақылау нәтижелерін жариялайды. Спутниктік суреттер жазда дақылдардың жалпы даму жағдайын және қыста Қазақстан аумағында қар жамылғысының таралуын көруге мүмкіндік береді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Нақты егіншілік саласы агробизнестегі кірісті қалай арттырады
«Бұл ақпарат егіс алқаптарын өңдейтін күндерді дұрыс жоспарлауға, егін егу және жинау жұмыстары кезінде ауылшаруашылық техникасын алқапта тиімді пайдалануды жоспарлауға, жанар-жағармай материалдарын үнемді қолдануға, сонымен қатар астық мөлшерін шығындамай уақытында жинауға мүмкіндік береді. Сарапшылардың пікірінше, фермерлер мен шаруа қожалықтарына арналған веб-қосымшада жарияланған ақпараттардың сақталуы өнімнің өзіндік құнын 10% -ға дейін төмендетіп, кірісті 40% -ға дейін арттыруы мүмкін», - деп хабарлады Қазгидромет.
Сондай-ақ, бұған дейін агрометеорологиялық ақпарат 80-нен астам шаруа қожалықтарына тегін беріліп, 500 мың гектардан астам жер бақыланғандығын атап өтілген. Аталған мәліметтерді пайдалану фермерлердің шығындарын 5-10% төмендетуге мүмкіндік берген.