Қазақстан Тәжікстанға жіберетін ұн мен ет мөлшерін арттыруды жоспарлап отыр
Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына ресми сапармен барып, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен келіссөздер жүргізді. Аталған брифингте мемлекет басшылары одан әрі ынтымақтастықта жұмыс істейтін негізгі бағыттар туралы талқылады, оның ішінде басты сала агроөнеркәсіп кешені болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Брифингте Қасым-Жомарт Тоқаев ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты арттыру екі жақты сауданың артуына үлкен серпін беретіндігін баса айтты.
«Қазақстан екі елге де тиімді шарттар бойынша бидай, ұн, ет және сүт өнімдерінің мөлшерін арттыратын болады. Тәжікстан тарапы Қазақстанға жемістер мен көкөністерді экспорттауда үлкен мүмкіндіктерге ие. Біздің фермерлерді қолдау үшін және арадағы қажет емес сату тізбектерін азайту үшін, тәжік ауылшаруашылық өнімдерін қазақстандық нарыққа жеткізу үшін бірлескен көтерме дистрибьютерлік орталықтар салу идеясын қолдап отырмыз», - деді мемлекет басшысы.
Үкімет трафиктік құнды ұстап тұру үшін және тасымалдау жағдайларын жақсарту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
«Қазақстан - Тәжікстанның жетекші сауда серіктестерінің бірі болып табылады. Өткен жылдың соңында біз өзара сауда жасау арқылы бұрынғы көлемді сақтап қана қоймай, сонымен бірге сауда -саттықты $800 млн –ға дейін өсуін қамтамасыз еттік, пандемия кезінде бұл жақсы нәтиже болды», - деп атап айтты ҚР президенті.
Мемлекет басшысы келісімдердің сәтті жүзеге асуы өзара саудада жасауда $1 млрд деңгейді еңсеруге болатынын және алдағы уақытта бұл көрсеткішті екі есеге арттыруға мүмкіндік бар екендігіне сенім білдірді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстан астық экспортын 9 млн тоннаға арттырады
Сондай-ақ, баспасөз қызметі мемлекет басшыларының қатысуымен өткен келіссөздер қорытындысы бойынша ресми делегациялар мүшелері бірқатар құжаттарға қол қойды деп хабарлады. Олардың ішінде Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Татарстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі арасындағы тауар сату жүйесін құру жобасын бірлесіп жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум бар.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook әлеуметтік желісінде айтқанындай, Душанбеде болған кездесуде Қазақстан экспортты $80 млн қаражатқа астам арттыру үшін 35 тауар түрлерінің тізімін ұсынды.
Екі жыл бұрын Душанбеде KazakhExport кеңсесі ашылды, енді сол арқылы тәжік тарапының қазақстандық өнімді сатып алуына арналған бірқатар ірі жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі бар екендігі талқылануда.
«Екі жақты ынтымақтастықты кеңейтудің негізгі бір бағыты тауар сату жүйелерін біріктіру болады. Атап айтқанда, тәжік ауылшаруашылық өнімдерін қазақстандық нарыққа шығаруға арнап, бірлескен көтерме тарату орталықтарын салу жоспарлануда. Сауда тізбегіндегі арадағы делдалды қысқарту арқылы біз дүкендеріміздегі тәжік тауарларының бағасын төмендете аламыз. Айтпа кетсек, тәжік мейізі бізге ұнайды», - деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.