28 июля 2021 Қазақстан

Сауд Арабиясына ҚР-дың 10 шаруашылығы өз балдарын экспорттай алады

Ағымдағы жылы бал және ара шаруашылығы өнімдерін шығаратын 10 қазақстандық компания Сауд Арабиясы Корольдігінің сенімді экспорттаушылар тізіліміне енгізілді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, ҚР агроөнеркәсіптік кешенінің 2975 кәсіпорны өз өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық одақ елдеріне, ҚХР, Корея Республикасы, Өзбекстан, БАӘ, Жапония, Түркия және Сауд Арабиясына сатуда.

Жыл басынан бері ҚХР Бас кеден басқармасының тізіміне мал шаруашылығы өнімдерін сату құқығы бар төрт кәсіпорын, сүт өнімдері бойынша үш кәсіпорын, балық және балық өнімдерін сақтау, өңдеу және сату бойынша бір кәсіпорын енгізілген болатын.

Сонымен қатар, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті түрік елімен жүргізген келісім нәтижесінде осы елдің тізіліміне тері экспорты бойынша төрт кәсіпорын енгізілді.

Тақырыпқа байланысты оқуСемей қаласында 10 жыл тоқтап тұрған тері өңдейтін зауыт өнімдерін экспортқа шығара бастады

Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2021 жылға арналған жоспары бойынша нарықтарға шығаратын тауар желісін кеңейту болып  табылады, сондай-ақ Еуропалық Одақтың, Түркияның, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жаңа нарықтарына өнім шығару жоспарланған.