Қазақстанда ауыл шаруашылық өнімдерін шығару 496 млрд теңгеге дейін артты
2020 жылдың қаңтар-наурыз айында Қазақстанда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметі) жалпы көлемі 5036 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,5% - ға жоғары.
Аталған ақпаратты ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлады.
Аталған көрсеткіштің негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өнімдері құрады, ол- 496,3 млрд теңге, оның ішінде өсімдік шаруашылығы- 26,45 млрд теңге, мал шаруашылығы-470 млрд теңге қаражат әкелді. Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі ағымдағы жылдың алғашқы 3 айында мұндай мөлшерге артуы мал мен құсты сою көлемінің 3,8% - ға өсуімен байланысты. Сонымен қатар, сиыр сүтін сауу мөлшері 3,4% - ға артуы да себеп болды.