Ақмолалық аграршылар ЖЖМ жетпей жатқандығын айтуда
Өңірлік кәсіпкерлер палатасына Ақмола аграрлшыларынан көктемгі егіс жұмыстарына жанар-жағар май материалдарының жетіспей жатқандығы туралы шағымдар мен өтініштер келіп түсті.
Бұл ақпарат «Атамекен» сайтында хабарланды.
Тақырыпты оқу: Қазақстандағы егін егу жұмыстарының хроникасы (жаңартылады)
Жоспар бойынша наурыз айында 30 мың тонна жанар-жағар май жеткізілуі керек еді (барлық бөлінген көлемнің 44%). Мұнай өндіруші зауыттар 1 сәуірде операторларға литрі 161 теңге тұратын 23 мың тонна жанар жағар май жіберген. Алайда жіберілген отынның тоннасы 177 мың теңгені құрады, яғни хабарламада айтылғандай, баға бұрынғы қалпында қалып отыр.
«МӨЗ жөнелтілген отын үшін қайта есептеу жүргізбеді, артық ақша қайтарылмады. Бұл, әрине, соңғы келген бағаға әсерін тигізуде», — деп хабарлады Атамекен.
1 сәуірден бастап операторлар отынды 165 теңге бағасымен сатпайды, делінген хабарламада. Олар бұған дейін қымбат бағамен алған отынды әлі сатып бітпеген, сондықтан да өздерін шығынға батырып, оны арзан бағамен сата алмайтындықтарын айтты. Мысалы, Ақкөл ауданының 5 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ЖЖМ алуда 100 млн теңгеден астам ақшаларын жұмсаған.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері бойынша, әлі келісім-шарт жасалмаған жанар жағар май көлемі үшін, яғни сәуір айында сатылатын отын 165 теңгегемен берілетін болады.
«Операторлар үшін баға төмендемегендіктен, көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған кепілді ЖЖМ жасанды тапшылығы пайда болуда. Біз, аталған кәсіпорын сарапшылары қалыптасқан жағдайды реттеу мақсатында энергетика, ауыл шаруашылығы министрліктеріне осы ескі баға мен жаңа бағаның арасындағы айырмашылықты төлеу немесе қосымша жанар-жағар май құю арқылы қайта есептесуді ойлап, шығындарды өтеу бойынша ұсыныстар жібердік. Мемлекеттік органдар дер кезінде тиісті шара қолданса, көктемгі егіс жұмыстарын белгіленген мерзімде орындап, ағымдағы жылдың түсіміне әсер етпесе дұрыс болар еді, — деп түсіндірді Ақмола облысы Кәсіпкерлер Палатасының АӨК бөлімінің бастығы Жұлдызай Аубакирова.
Еске сала кетсек, 31 наурызда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, көктемгі егін егу жұмыстарына ЖЖМ бөлінген. Оның орташа нарықтық бағасы тоннасына 165 мың теңге болып белгіленді. Биылғы жылы бұл баға үш рет түзетілді. Бастапқыда ұсынылған дизель отынының бағасы бір тонна үшін 194 мың теңгені құрады, кейіннен энергия тасығыштарға әлемдік баға белгіленімдерінің төмендеуі аясында бағаны 184 мыңға дейін төмендетті. Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін ЖЖМ-ның соңғы бағасы литрі үшін 165 теңгеден аспауы тиіс және ресурсты жеткізушілерден сату бағасы тоннасы үшін 174 мың теңгені құрады, бұл тиісінше литрі үшін 144 теңге болды.