Сүт жабдықтары мен ингредиенттер Алматыдағы көрмеде таныстырылады
Алматыда 3-5 қарашада Атакент ҚІЫО-да өтетін FoodExpo Qazaqstan 2021 көрмесі аясында сүт жабдықтары мен ингредиенттер жеткізушілерімен кездесулер ұйымдастырылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл көрмеде сүт өнеркәсібіне арналған жабдықтар, сепараторлар мен сүзгі жабдықтары, сүт өнімдеріне арналған ингредиенттер, тоңазытқыш және буып-түю жабдықтары, сондай-ақ ыдыс, қаптама және затбелгі ұсынылады
Көрмеге барлығы 23 елден 350 компания қатысады деп күтілуде, олар өз стендтерінде жабдықтан бастап қаптамаға дейін тамақ өнімдері мен сусындар өндірісінің толық циклін ұсынады. Олардың қатарында – Alpes Industries Services International LTD (Франция), Кизельманн Рус (Ресей), Frau Group (Италия), Промкомплект-Д (Ресей), MP INOX (Италия), Бекар (Ресей), Russell Finex (Бельгия), Током-Элит (Ресей) бар.
Естеріңізге сала кетейік, FoodExpo Qazaqstan 2021 тамақ өнеркәсібінің 23-ші халықаралық көрмесі 3-5 қарашада дәстүрлі форматта "Атакент" көрме орталығында кездесулер мен келіссөздер өтеді. Көрме стендтерінде тамақ өнімдері мен сусындардың жетекші өндірушілері кез келген санаттағы ассортимент қатарын кеңейту үшін Қазақстан ритейліне жаңа өнімдер ұсынады. Көрме ұйымдастырушылары – ITECA қазақстандық көрме компаниясы.
Көрмеге қатысу үшін сайтқа тіркелу кезінде атаулы билетті (бэйдж) алу қажет.
Көрмеге кіру ASHYQ қосымшасында жасыл мәртебе немесе теріс ПТР тесті (7 күн жарамды) немесе медициналық анықтама болған жағдайда ғана мүмкін болады.