ҚР ауылдарын интернет пен жөнделген жолдар күтіп тұр
Бүгін Үкімет отырысында мақсаты ауыл тұрғындары үшін жайлы өмір сүру ортасын құру болып табылатын "Ауыл – Ел бесігі" жобасын іске асыру талқыланды. Жобаға еліміздің ауыл халқының 90% - ға жуығы тұратын 3,5 мыңнан астам ауыл енгізілген.
ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев хабарлағандай, 2019-2020 жылдары барлық қаржыландыру көздері есебінен ауылдарда 618 млрд теңге сомасына 12 мыңнан астам жоба іске асырылды. Атап айтқанда, 5,2 мың кминженерлік желілер мен 9 мың км кентішілік жолдар жаңғыртылды. Ағымдағы жылы ТКШ, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 566 млрд теңге сомасына 6,5 мың жоба іске асырылуда. 2,5 мың км инженерлік желілер және 5 мың км кентішілік жолдар жаңғыртылатын болады. Ауылдарда әлеуметтік нысандар – мектептер, балабақшалар, амбулаториялар, ФОК-тар және т.б. салынып, жөнделеді.
Тақырып бойынша оқу: Қазақстандық ауыл қалай құлдырауда
Биыл жобаны іске асыруға 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді, оның 96% игерілді. Келесі төрт жыл ішінде ауылдық аумақтарды дамытуға 1,3 трлн теңге, оның ішінде "Ауыл – Ел бесігі" шеңберінде 670 млрд теңге бөлінеді.
"Ауылдық жерлерді дамытудың кешенді тәсілі 2025 жылға қарай ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, ауыл халқын сумен жабдықтау қызметтерімен 100% қамтамасыз етуге қол жеткізіледі. Жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік барлық ауыл тұрғындары үшін қамтамасыз етіледі. Ауылдық жерлерде 24 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жергілікті маңызы бар жолдардың 95% жақсы жағдайда болады. 12 мың км инженерлік желілер салынады және жаңғыртылады. 10 мың шақырым кентішілік жолдар құрылыс және жөндеумен қамтылатын болады", - деп сендірді Әсет Ирғалиев.
Оның айтуынша, агроөнеркәсіптік кешен саласында 2026 жылға дейін ауылдарда 4,5 трлн теңге сомасына 934 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. 600 мың га жаңа суармалы жерлерді айналымға тарту 70 мың отбасылық шаруашылық құруға мүмкіндік береді. Осы кезеңде ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2,5 есе артады, өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 2 есе өседі.
Үкіметтің жоспары бойынша 7 ірі экожүйені қалыптастыру есебінен 1 млн ауыл тұрғыны табыстарының тұрақты өсуіне қол жеткізеді. 500 мың жұмыс орны құрылады. Айта кетейік, аталған индикаторлар үкімет пен президент мақұлдаған 2021-2025 жылдарға арналған АӨК дамытудың ұлттық жобасында қарастырылған.
ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ағымдағы жылы "Ауыл-Ел бесігі" жобасын іске асыру аясында Павлодар, Қостанай, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр. Алматы, Қызылорда және Атырау облыстары жобаларды іске асырудың төмен қарқынын көрсетіп отыр.
"Ауыл – Ел бесігі" жобасының іс - шараларын іске асыру ауыл халқының өмір сүру сапасын едәуір жақсартады және ауылдың дамуына жаңа серпін береді", - деп атап өтті Премьер-министр Асқар Мамин. Ол ауылдық аумақтарды дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін, 2025 жылға қарай нысаналы индикаторларға қол жеткізуді, сондай-ақ ауылдық жерлерде несие қаражатына қажеттіліктің ұлғаюын ескере отырып, АӨК-ні тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырды.