Ауыл шаруашылығы министрлігі күнбағыс тұқымын елден шығаруға рұқсат бере бастады
Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі 28 шілдеде күнбағыс тұқымын басқа үшінші елдерге әкетуге рұқсат беру ережесін бекітті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
«Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері бүгінгі күннен бастап күнбағыс тұқымын Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге шығаруға дайын», - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Бекітілген ережелерге сәйкес, рұқсат беру құжатын алу үшін аграршылар уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет: күнбағыс тұқымын әкетуге қорытынды беру туралы өтініш, күнбағыс тұқымына инвойстың немесе тауар-көлік жүк құжатының көшірмесі; жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін).
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мүше болып табылатын ЕАЭО аумағынан күнбағыс тұқымын басқа елдерге шығаруға рұқсат беру тәртібі 2020 жылдың 31 тамызына дейін бекітілген.
Сонымен қатар, Қазақстан Ауыл шаруашылық министрлігі қайта өңделетін майлы дақылдар тұқымына субсидия беруді енгізуде.