БАӘ инвесторы Қазақстанда май қалдықтарын қайта өңдеуді ұсынды
БАӘ Alserkal Group компаниясы Қазақстанда май қалдықтарын қайта өңдеу және пайдаланылған суды тазарту жөніндегі жобаны іске асыруға мүдделі. Бұл туралы компания департаментінің басшысы Абдулрауф Аль Хосейни ҚР-ның БАӘ-дегі елшілігі және KAZAKH INVEST Ұлттық компаниясының араб мемлекеттеріндегі шетелдік өкілі ұйымдастырған Абу-Дабидегі келіссөздерде мәлімдеді. KAZAKH INVEST ақпараты бойынша, май қалдықтарын өңдеу кезінде инвесторлар балауыз, сабын және басқа да өнімдер шығаруға дайын.
Ұлттық компания Alserkal Group Дубайдағы тамақ өнеркәсібі мен тамақтану орындарының қызметінен алынған май ұстағыштардың қалдықтарын қайта өңдеуде шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Топқа Таяу Шығыстағы жалғыз тағамдық май өңдеу зауыты тиесілі.