Бразилия сиыр еті экспортында көш бастап тұр
2024 жылы әлемдегі сиыр етінің ең ірі экспорттаушысы Бразилия болды, оның нарықтағы үлесі 28%. National Beef Wire хабарлауынша, одан кейін Австралия, Үндістан, АҚШ және Аргентина.
Өткен жылы Бразилия 3,6 млн тоннадан астам сиыр етін экспорттап, әлемдік экспорттың шамамен 28%-ын алды. Бразилия мен Австралияның жалпы үлесі сиыр етінің әлемдік экспортының шамамен 43% құрайды.
Өткен жылы әлемдегі ең ірі 12 сиыр етін экспорттаушы 12,9 млн тонна экспорттады. Экспорттаушылар тізімінде:
- Бразилия – 3,6 млн тонна (28%)
- Австралия – 1,9 млн тонна (14,6%)
- Үндістан – 1,5 млн тонна (11,7%)
- АҚШ – 1,3 млн тонна (10,5%)
- Аргентина – 843,7 мың тонна (6,5%)
- ЕО – 671,3 мың тонна (5,2%)
- Жаңа Зеландия – 648,6 мың тонна (5%)
- Канада – 562,4 мың тоннадан астам (4,3%)
- Уругвай – 471,7 мың тонна (3,6%)
- Парагвай – 471,7 мың тоннадан астам (3,6%)
- Мексика – 301,1 мың тонна (2,3%)
- Никарагуа – 165,1 мың тонна (1,3%)
Айта кетейік, Қазақстан 2024 жылы 22,1 мың тонна сиыр етін экспорттап, өткен жылға жеткізілімдерді 40%-ға арттырды. Жақында өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық нарықтарға ірі ет жеткізуші мәртебесіне кепілдік беру үшін мал басын көбейту міндетін қойды.