Alibaba ұн мен май экспорттаушыларға Қытай нарығына шығуға көмектеседі
QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы Alibaba Group-пен бірлескен Export to China жобасының іске қосылғаны туралы хабарлады.
"Жоба аясында Alibaba Group тікелей жеткізушісі ретінде Қытайға экспорттау үшін қазақстандық тауарларды сатып алу ұйымдастырылады. Жобаның бірінші кезеңінде бөтелкедегі оралған ұн мен өсімдік майын сатып алу жүзеге асырылады", - деп хабарлады QazTrade.
Жоба қатысушылары Қытай нарығына Alibaba Group арналары арқылы қол жеткізе алады. Ынтымақтастық ұзақ мерзімді негізде болжанады.
Бағдарламаға қатысу шарттарын және жобаның жол картасын алу үшін өтінімді толтыру қажет. Сондай-ақ, сұрақтарды шекара маңы саудасы және электрондық коммерция департаментіне жолдауға болады. Тел: 8 (7172) 76-85-12, 8 (7172) 76-85-23; E-mail: ecommerce.qaztrade@gmail.com