08:00
Ұн
Қазақстан ұн экспортынан 526 млн доллардан астам табыс тапты
Сыртқы нарыққа бидай ұнын жеткізу өткен аграрлық маусымда (қыркүйек 2023-тамыз 2024) Қазақстанға 526,4 млн доллар әкелді. Қазақстандық ұнды 336 млн долларға сатып алған Ауғанстан ірі сатып алушы болды.
Үздік-5 нарық:
1)Ауғанстан 336 млн доллар
2) Өзбекстан 143 млн доллар
3) Тәжікстан 18,4 млн доллар
4) Түрікменстан 12,6 млн доллар
5) Ресей 7,9 млн доллар
Сондай-ақ ұн Қырғызстанға (6,2 млн доллар), Қытайға (2,2 млн доллар), Иракқа (0,1 млн доллар) сатылды.
Салыстыру үшін, 2022/23 маусымында Қазақстан 700,7 млн долларға бидай ұнын экспорттаған. Сол кезде 472,1 млн долларға ұн сатып алған Ауғанстан басты нарық болды.