Қазақстандық ұн АҚШ-та Amazon арқылы сатылады
Қазақстан американдық нарыққа ұн жеткізуді бастады. Өнімнің алғашқы партиялары Amazon-да сатылуда, деп QazTrade Сауда саясатын дамыту орталығы хабарлады.
Орталықтың хабарлауынша, Нью-Йоркке Eurasian Legacy бренді үшін 50 тонна бидай ұны жеткізілген. Бұл АҚШ-та ұлттық тауарларды ілгерілетудің жаңа стратегиясы аясында жүзеге асырылған алғашқы ірі экспорттық кейс.
Алдағы уақытта QazTrade қолдауымен жеткізілім көлемін ай сайын 100 тоннадан астам ұнға дейін арттыру жоспарлануда. Өнім қазірдің өзінде Amazon және Walmart-тың ең ірі онлайн платформаларында орналастырылған, сонымен қатар бірқатар американдық наубайханаларда ұсынылған.
Amazon-да қазақстандық ұн 1,36 кг қаптамасы үшін $14,50 бағасымен сатылады. Қаптамада Product of Kazakhstan шығу тегі көрсетілген.
Онлайн сатудан басқа, мейрамханаларға, кофеханаларға және жергілікті азық-түлік желілеріне ұн жеткізу туралы келіссөздер жүргізілуде. Costco, Whole Foods және Trader Joe’s ірі американдық бөлшек сауда желілеріне шығу мүмкіндігі де қарастырылуда.
«Біз тек ұнмен шектелмейміз. АҚШ-та қарақұмық, гранола, талкан, шоколад және какао ұсынылған, ал Нью-Йорк, Чикаго және Вашингтондағы серіктестер олардың сапасына жеке көз жеткізуге мүмкіндік алды. Американдық нарыққа шығу шілде айында Вашингтонда Qaztrade серіктестік кеңсесінің ашылуының арқасында мүмкін болды, бұл бізге дистрибьюторлар мен бөлшек саудагерлерге тікелей қол жеткізуге мүмкіндік берді. Қазақстандық өндірушілердің осы қалаларға бизнес-миссиясы қисынды жалғасы болмақ. Бұл серіктестермен байланысты нығайтып қана қоймай, табиғи және шынайы өнімдерді бағалайтын HoReCa сегментінде орын алуға мүмкіндік», — деді QazTrade бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров.