Түрік компаниясы Қазақстанда бақша өсіріп, жеміс-жидек өңдеуді жоспарлауда
GÖKNUR GIDA компаниясының инвесторлары Қазақстанда жеміс-жидек өсіру және өндіру бойынша ірі инвестициялық жобаны бастауды қарастыруда. Бұл туралы KAZAKH INVEST ұлттық компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі KAZAKH INVEST компаниясымен бірге шілде айының алғашқы онкүндігінде шетелдік инвесторлардың осы саламен танысуына арналған сапарын ұйымдастырды. Аталған инвесторлар жергілікті биліктің қолдауымен Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарындағы бағбандардың жұмысымен танысты.
Аталған жоба 5 мың гектар алқапқа 8 миллионнан астам жеміс ағаштарын отырғызуды қарастырады. Жоба бес жыл ішінде бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Жыл сайын 1000 га жерге бақтар жемістерді өсіру қарастырылады: алма ағаштары үшін 700 га, алмұрт ағаштары үшін 100 га, қышқыл және тәтті шие үшін 100 га. Инвесторлардың айтуы бойынша бұл жоба тізбекті өндіріс болады.
«Біздің компания өнімді жеміс ағашынан дастарханға дейін өсіріп, өндіруге бағытталған. Бұл үшін Қазақстанда заманауи ауыл шаруашылық технологияларын қолдана отырып, бау-бақша отырғызудан бастап шикізат базасын салып, жергілікті фермерлерді оқытуға арналған интеграцияланған модельге дейін жасағымыз келеді. Сонымен бірге жаңадан піскен жемістерді қорапқа орайға арналған кәсіпорындар салып, элиталық жеміс шырындар өсіру, концентраттар мен пюре өндіретін зауыт соғу, балшырындарды, кептірілген жемістерді шығаратын зауыт ұйымдастыруды ойластырудамыз. Сонымен қатар, биогаздан электр және тыңайтқыштар шығаратын зауыт салу және 20 мың бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңдарын салу мүмкіндігі қарастырылуда. Біз бұл жобаны Қазақстан үкіметінің қолдауымен сенімді қазақстандық серіктестермен бірге жүзеге асырмақпыз», - деді компанияның бас директоры Осман АСЛАНАЛИ(Osman ASLANALI).
Қазақстанға келген инвесторлар делегациясы құрамында Түркиядағы ең танымал, білікті агрономдардың бірі Думаноглу Хатидже (Dumanoğlu Hatice) де болды, ол топырақтың жарамдылығын тексерумен қатар, жергілікті бағбандарға өнімнің сапасын жақсарту жөнінде кеңес өткізді.
GÖKNUR GIDA компаниясы өз секторындағы ең ірі экспорттаушылардың бірі және АҚШ, Еуропа және басқа елдердің нарықтарына шығып жүрген кәсіпорын. Сондықтан, Қазақстанда өндірілетін өнімнің шамамен 70% -ын инвесторлар шетелге сатуды жоспарлап отыр.
«Азық-түлік өндірісі - бұл мемлекеттегі ең негізгі саланың бірі, оның ішінде салықтық және кедендік преференциялар, инвестициялық субсидиялар салуға болатын басты бағыт болып табылады. Сапар барысында қонақтар жақсы өнім беретін, жеміс бақшаларын өсіруге болатын аудандармен таныстырылды және қазақстандық серіктестермен кездесті. Біз жобаны әліде қарастырамыз, сонымен қатар инвестор айтқан басқа да мәселелер талқыланатын болады», - деді KAZAKH INVEST жобасының менеджері Мади Канафин.
Компанияның мәліметінше, GÖKNUR GIDA алма, анар, алмұрт, өрік және шабдалы жемістерін 2500 гектар алқапта өсіреді. Компанияның Түркияда сегіз өндіріс орны жұмыс істейді, сонымен қатар АҚШ, Еуропа, Иран және Ресейдегі жеміс сақтау қоймалары бар. Сонымен бірге инвесторлар жеміс-көкөніс өсіру саласында зерттеулер жүргізумен айналысады.