08:05 Көкөністер мен жемістер

Көкшетауда қуаттылығы жылына 1 млн тонна май зауыты салынады

Көкшетауда майлы дақылдар - күнбағыс, рапс, майбұршақ және зығыр тұқымдарын өңдейтін май экстракциялық зауыт салынады. Зауыт тәулігіне 3 мың тоннаға дейін немесе жылына 1 млн тоннаға дейін шикізатты қайта өңдеуге қабілетті болады, бұл оны өңірдегі саланың ірі кәсіпорындарының біріне айналдырады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаны «Содружество Қазақстан» ЖШС жүзеге асырады. Инвестиция сомасы 76 млрд теңгені құрайды. Зауытты іске қосу 400-ге дейін жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

«Біздің зауыт өңірді сапалы өсімдік майымен және жанама өнімдермен – күнжарамен, құс шаруашылығы саласына арналған жеммен қамтамасыз ете отырып, майлы дақылдарды қайта өңдеу нарығындағы басты ойыншы болады», – деді «Содружество Қазақстан» ЖШС директоры Александр Самойлов.

Өндірістік кешен жылына 300 мың тоннаға дейін өсімдік майын және 400-500 мың тоннаға дейін күнжара өндіруге мүмкіндік береді.

Жобаны 18-36 ай ішінде іске асыру жоспарлануда.