Қазақстан Ресей Федерациясының сауда орындарына алма жеткізеді
Қазақстан Республикасының Ресейдегі өкілдігі ірі сауда желілерімен келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде Алматы облысынан Ресей Федерациясына алма жеткізуге келісімшарт жасалды, сонымен қатар басқа да өнімдерді экспорттауға жоспар құрылды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
«Жақын арада біздің сауда өкілдігіміз Ресейдегі ең ірі бөлшек сауда X5 Retail Group компаниясымен келіссөздер өткізді (олар Пятерочка, Перекресток, Карусель сауда желілерін басқарады) және қазақстанда өсірілген жемістер мен көкөністер, азық-түлік, сусындар, тоқыма және киім-кешек өнімдерін жеткізу туралы келісімге келді. Бірінші келісім-шарт бойынша Алматы облысының өндірушілерінен алманың 9 түрін жеткізуге арналған келісімшарт жасалды, «Trade apple» ЖШС тапсырысты орындаушы мекеме болып табылады, - деді Facebook-те Сауда министрлігінің басшысы.
ЖШС өндірістік кәсіпорындардың бір жерге шоғырланған түрі болып табылады, яғни фермерлер тапсырыс бойынша сұралған өнім көлемін сапасы мен жеткізу мерзімі бойынша бөлшек сауда желілерінің талаптарына сәйкес қамтамасыз ететіндігін атап өтті.
Жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу бойынша осындай жұмыстар «Лента» және «Мария-РА» федералдық сауда желілерімен жүргізілуде, деп хабарлады Бақыт Сұлтанов.
Министрдің хабарлауынша, биыл Ресей Федерациясының көптеген ірі сауда желілерінің өкілдері және қызметкерлері өнімдермен танысып, қуаттылығын көру үшін қазақстандық кәсіпорындарға келеді.
Тақырыпқа байланысты оқу: KazBeef Дубайға сиыр етін экспорттай бастады
Бақыт Сұлтанов өз сөзінде өткен жылы тауар айналымының жалпы төмендеуіне қарамастан, Қазақстан Ресейге ауыл шаруашылық өнімдерін көп мөлшерде экспорттауды арттыра алғанын атап өтті. Негізгі өсім ресейлік бөлшек сауда желілерінің қазақстандық жеткізушілермен «конвергенциясы» арқасында мүмкін болды. Ресейдің ірі желілеріне көкөністер мен жемістер ғана жеткізілді (Магнит», «Лента», «Мария Ра», «Фуд сити» КТО, «Оптовый рынок Казань», «Ярче, Камелот-А, Новосибирск қ-сы, «Мариам» Курган қ-сы және т.б.), 85 265 тонна жеткізілді. Сұраныс беру кезінде ауыл шаруашылық өнімдері импортталатын тауарлардың жалпы көлемінің 70% құрайды.
Ресейге тауарларды экспорттауға қызығушылық танытқан барлық қазақстандық тауар өндірушілер ҚР-дың Мәскеудегі сауда өкілдігімен немесе Қазан қаласындағы сауда өкілдігінің бөлімшесімен байланыса алады.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігінің телефоны: (495) 608-77-40; электрондық пошта: torgpredstvo_rk@mail.ru.
Әлеуметтік желілердегі парақтары: Инстаграм - torgpredstvo_rk, Telegram - @torgpredstvo_rk.
ҚР-дың Ресей Федерациясы Қазан қаласындағы сауда өкілдігінің бөлімшесінің телефоны 8 (843) 237-76-61, электрондық пошта: kaztrade.kzn@gmail.com