Қазақстан 3-4 жылдан кейін өзін көкөніс және жеміспен қамтамасыз етеді
Қазақстандағы азық-түлік өнімдерінің импортын алмастыру мақсатында инвестициялық жобалар 25% - ға дейін субсидияланады. Бұл ақпаратты Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров хабарлады.
«Қазірден бастап импорт алмастыру мәселесімен айналысатын боламыз. Бұл үшін қосымша 400 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 100 млрд — көктемгі егін егу жұмыстарына және 300 млрд — екінші деңгейлі банктер арқылы инвестициялық жобаларға берілетін болады», — деді Сапаров.
Азық- түлік импортын отандық өніммен алмастыру өте маңызды бағыт екендігі Төтенше жағдай режимінде анық байқалды. Сондықтан осы мақсаттағы инвестициялық жобаларға мемлекеттік қолдау көрсетіле отырып, басты назар аудару қажет.
«Осыған орай 25% - ға дейін субсидиялау болады. Осы жобалар арқылы біз 3-4 жыл көлемінде көкөніс пен жеміс - жидек импортын толығымен отандық өнімге алмастыра аламыз», — деді Сапаров.
АШМ мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстан өзін 80% жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуде. Ең көп импорттық өнім-алма, ол — 42%-ды құрайды. Алма негізінен Өзбекстан, Тәжікстан, Түркмения және Польшадан әкелінеді.
Сонымен қатар, қазіргі кезде Қазақстанға сырттан 21% — құс еті, 55% -— қант импорт ренінде келеді. Сонымен бірге ҚР-ға көп мөлшерде сүт әкелінуде.
Қазақстанда 2020 жылға қарай 2 мың гектар алқапқа алма бағын отырғызу жоспарланған.«Бізге 500 мың тонна сүт импортталады, ал біздің зауыттардың өнім шығаруының орташа көрсеткіші 60%-ды құрайды. Бүгінгі күні құрғақ сүт өндірушілер бізде жоқ десек болады, себебі бізге бұл өнімнің 90-95%-ы импорт ретінде жеткізілуде. Яғни бұл салада істелінетін жұмыстар әлі көп», — деп қортындылады сөзін бірінші вице-министр.