Қазақстанда АЖҚС-та дизель отынын сатуды есепке алу жүйесі іске қосылды
Қазақстанда 15 қыркүйекте АЖҚС-та дизель отынын сатуды есепке алудың ақпараттық жүйесі іске қосылды. Отынды сараланған бағамен беруге арналған тұтынушылардың деректерін верификациялау жөніндегі жаңа модуль мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алудың ақпараттық жүйесі базасында жұмыс істейді.
"Ақпараттық жүйенің функционалы нақты уақыт режимінде елдің автожанармай құю станцияларына жанар - жағармай құю бекеттерінде литріне 230-260 теңге (өңірге байланысты) бағамен сатылатын дизель отынының тәуліктік көлемін қадағалауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Энергетика министрлігінде.
Ведомствоның ақпараты бойынша, сервис бюджет қаражаты шығынсыз әзірленген және ішкі істер, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің және мемлекеттік несиелік бюроның деректер базасынан құжаттарды тексеруді көздейді.
Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алудың ақпараттық жүйесі 2019 жылы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді, оның операторы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ("ҰАТ" АҚ) болып табылады. Қазіргі уақытта "ҰАТ" АҚ елдің 2 мың ЖМҚС үшін логиндер мен парольдер ұсынды, оның ішінде 271 ЖМҚС практикалық қолдануды бастады, яғни жүйені пайдаланушылар ретінде іске қосылғаннан кейін бірден "кіруді" орындады, жалпы ел бойынша 2 365 сату жүргізілді.
Сондай-ақ, ЖМҚС операторларына жүйемен жұмыс бойынша жедел консультативтік көмек көрсету үшін ҚР Энергетика министрлігі тарапынан техникалық қолдау орталығы іске қосылды.
Тақырып бойынша оқу: Дизель отынының жетіспеушілігіне байланысты астық жинау
Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының соңында Қазақстанда дизель отынының көрші елдерге жаппай шығарылуын қысқарту мақсатында сараланған бағалар енгізілді. Энергетика министрлігінің бұйрығына сәйкес, жанар-жағармай құю бекеттерінде тәулігіне 300 литрге дейін дизель отынын сатып алатын ҚР азаматтары өңірге байланысты литріне 230-260 теңге төлейді. Сатып алу лимиттен жоғары, сондай-ақ шетелдік және транзиттік көліктерге жанармай құю үшін литріне 450 теңгеден жүргізіледі.