ҚазАЗУ-де топырақ өңдейтін егін егу мәшинесі жасалуда
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ғалымдары дәлме-дәл егіншілік жүйесінде дәнді дақылдарға арналған топырақ өңдейтін егін егу мәшинесін әзірлеуді жүргізуде. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінгі таңда егістік жерлердің 30%-ы салыстырмалы түрде төмен құны бар жоғары өнімді техниканы қажет ететін орта фермерлік шаруашылықтардың үлесіне тиесілі екенін ҚазАЗУ атап өтті.
«Дәлме-дәл егіншілік жүйесінде әзірленіп жатқан дәнді дақылдарға арналған топырақ өңдеу машинасы топырақты өңдеу (өсіру, тегістеу, қопсыту, ұсақтау, домалау), егін егу және минералды тыңайтқыштарды сараланған қолдану сияқты бірнеше технологиялық операцияларды біріктіреді. Екі мәшине сатып алудың қажеті жоқ», - деді жоба жетекшісі, профессор Мүбарак Адуов.
Көпфункционалды егін егу мәшинесі еңбек өнімділігін арттыру, бизнес-процестерді цифрландырудың ең жақсы қол жетімді құралдарын қолдану мақсатында құрылады.