Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға субсидиялар таңбаланады
Ағымдағы жылы «Цифрлық теңгені» сынақтан өткізуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесіп іске қосады. Жоба шеңберінде экономиканы қолдауға бөлінетін бюджет қаражаты таңбаланатын болады, бұл олардың мақсатты пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік береді. Биылғы жылы жоба ауыл шаруашылығы мен жол құрылысына қатысты болады, деп хабарлады Антикор баспасөз қызметі.
«Президенттің аграрлық секторда мемлекеттік қаражатты ұрлаудың қылмыстық практикасының жолын кесу қажеттігі туралы тапсырмаларын ескере отырып, «ақшаны бояуды» енгізу үшін бағыттардың бірі ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға арналған инвестициялық субсидиялар таңдалды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Антикордың ақпараты бойынша, «Цифрлық теңгені» сынақтан өткізу биыл автомобиль және темір жолдардың жекелеген учаскелерін салу кезінде, сондай-ақ Ақмола облысындағы «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде ауыл тұрғындарына несие беру кезінде жүргізілетін болады.
Тиісті бөлімшелерге «ақшаны бояу» жобасына сапалы қарау тапсырылды.
Бұған дейін Қазақстанның Ұлттық Банкі Ұлттық қордан бөлінетін қаражатты бақылау үшін цифрлық теңге платформасын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаның іске қосылғаны туралы хабарлады. Бұл технология ақша иесіне оларды бақылауды және тиімді жұмсауды дербес қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Пилоттық іске қосу барысында цифрлық теңге платформасында жобаны қаржыландыруға бөлінген ақшалай қаражат таңбаланды. Таңбаланған цифрлық теңге қажетті міндеттемелерді толық көлемде орындаған ұйымдардың атына ғана төленеді. Таңбаланған цифрлық теңгедегі есептеулер түпкілікті жеткізушілер мен мердігерлерге дейін жеткізілімдердің бүкіл тізбегі бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте барлық тұтынушылар үшін цифрлық теңгедегі шоттарға қолжетімділік нарыққа қатысушылардың қолданыстағы интерфейстері арқылы әдеттегі форматта ұйымдастырылған», - деп түсіндірді Ұлттық Банкте.
Осылайша, таңбалау технологиясы бөлінген қаражатты мақсатсыз жұмсау тәуекелдерін азайтады және мемлекеттік жұмсаудың ашықтығын арттырады.