13:39 Ауылшаруашылық техникалары

ҚазАгроҚаржы ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қосымша қаржыландырады

«ҚазАгроҚаржы» АҚ отандық өндірістің және/немесе құрастырудың ауыл шаруашылығы техникасын жылдық 5%-бен сатып алуға «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қосымша қабылдау туралы жариялады.

Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, өтінімдерді қабылдау үшін ҚазАгроҚаржының @KazAgroFinance.bot Telegram Bot-та электрондық кезек қалыптастырылады.

«Клиент Telegram Bot-қа өтінім берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өңірлердегі «ҚазАгроҚаржы» филиалдарының біріне құжаттардың толық пакетін ұсынуы қажет. Филиалдардың байланыстары мен мекенжайлары компанияның www.kaf.kz сайтында көрсетілген», - деп нақтылады компанияда.

«Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы отандық өндірістің және/немесе құрастырудың ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыруға бағытталған. Мөлшерлеме жылдық 5%-ды құрайды, лизинг мерзімі – 7 жылдан аспайды, бірінші лизингтік төлем – 10%-дан кем емес.