BCC Leasing жаңа техникасымен жаңа аграрлық маусым
BCC Leasing (ЦентрКредит Банкінің еншілес компаниясы) жаңа қызмет - Агролизингтің іске қосылғаны туралы хабарлады. Бұл ауылшаруашылық кәсіпорындарына бір реттік ірі инвестицияларды қажет етпестен аграрлық қызметті жүргізу үшін техника мен жабдықты жалға алудың тамаша мүмкіндігі.
Техниканы толық құнына сатып алудан айырмашылығы, лизинг фермерлерге төлемдерді біртіндеп жүзеге асыра отырып, қажетті активтерге дереу қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Лизинг шарттары белгілі бір шаруашылықтың қажеттіліктеріне байланысты өзгеруі мүмкін. Мысалы, ең қолайлы жалдау мерзімін, бастапқы жарна мөлшерін және төлем кестесін таңдауға болады.
BCC Leasing қызметті келесі шарттарда пайдалануды ұсынады:
- сыйақы мөлшерлемесі - «Даму» қорының субсидияларын ескере отырып, 7%-дан 10%-ға дейін;
- қаржыландыру сомасы - лимит бойынша шектеусіз;
- аванс - 0%-дан 50%-ға дейін (нөлдік аван — Buy back шартымен).
Лизинг мерзімі 13 айдан 60 айға дейін.
Агролизинг шеңберінде ыңғайлы төлемдер қарастырылған: ай сайын, жарты жылдық төлемдер (жылына екі рет - қаңтар және маусым) немесе жеткізушіден Buy Back шартымен жылдық төлемдер (қаңтар).
Buy back (клиенттің мүдделерін қосымша қорғау) - лизинг алушының қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді орындауы үшін күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда жабдықтаушының техниканы кері сатып алу жөніндегі міндеттемесі. Бұл үшін негізгі талап 3 гектардан бастап меншікті немесе жалға берілетін учаскенің болуын растау болып табылады.
Агролизинг шарттары туралы толығырақ сілтеме бойынша біле аласыз.
BCC Leasing ЦентрКредит Банкінің 100% еншілес компаниясы болып табылады және еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс істейді. Лизингтік мәмілені корпоративтік клиенттерге қызмет көрсететін банктің кез келген бөлімшесінде рәсімдеуге болады.
03.02.2020 ж. ҚР ҚНРДА берген № 1.2.25/195/34 лицензиясы.