DLG Agritechnica 2025-ке бару үшін байқау жариялады
DLG (Халықаралық ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауымдастығы) ElDala.kz-пен бірлесіп Agritechnica 2025 ауылшаруашылық техникасының дүниежүзілік ірі көрмесіне қатысу үшін қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілері арасында байқау жариялайды.
Байқау қорытындысы бойынша екі жеңімпаз анықталады: олар ұйымдастырушылар есебінен үш күндік тұру және көрмеге бару билеттерімен қамтамасыз етіледі.
Байқау 28 шілде мен 17 тамыз аралығында өтеді. Байқауға қатысу үшін сілтеме бойынша сауалнаманы толтыру қажет.
Қорытындылау және нәтижелерді жариялау 20 тамызда өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Agritechnica 2025 9-15 қарашада Ганноверде өтеді. Бұл көрмеде 53 елден 2700-ден астам компанияның премьералары, инновациялары және техника мен жабдықтардың сұранысқа ие үлгілері ұсынылады. Жалпы ауданы 400 мың шаршы метр болатын 24 павильонда топырақты өңдеу және себу, өсімдіктерді қорғау, тыңайтқыштар енгізу, егінді жинау және сақтау, сондай-ақ орман шаруашылығы үшін тракторлардың, көлік құралдары мен техникалардың тұсаукесері өтеді.
Agritechnica арнайы тақырыптық экспозициялары: FarmRobotix, StartUps, Халықаралық дилерлік орталық, Drive Experience.
Іс-шараны ұйымдастырушы DLG биылғы жылдың жетекші тақырыбын Touch Smart Efficiency - Ақылды тиімділікке қол жеткізу деп анықтады. Көрмеге қатысушылар келушілерге агробизнесті тиімділікке, тұрақтылыққа және өнімділікке жетелейтін инновациялық интеграцияланған ауылшаруашылық жүйелерін ұсынады. Цифрлық технологиялар (датчиктер, дрондар және бұлттық қызметтер, жасанды интеллект) топырақ, ауа-райы және вегетациялық кезең туралы нақты деректерді жинауға көмектеседі. Бұл деректер өсімдіктерді дәлірек себуге, суаруға, қоректендіруге және қорғауға мүмкіндік береді. Көрме туралы толығырақ осында оқыңыз.
ElDala.kz порталы көрменің оқиғаларын қадағалап, ең қызықты экспоненттер мен іс-шаралар туралы әңгімелейді.
Біздің сайтта және әлеуметтік желілерде жаңалықтардан хабардар болыңыз!