Кеше
Ауылшаруашылық техникалары
Фермерлер ауыл шаруашылығы техникасының бір бөлігіне көлік салығын төлеуден босатылады
Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен фермерлік шаруашылықтар көлік құралдарына салық төлеуден босатылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасының тізбесін бекітті. Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бекітілген тізбеге енгізілген:
- Сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар.
- Ветеринария қызметінің автомобильдері.
- Автозообиологиялық зертханалар.
- Автоазықтасығыштар.
- Автотиеуіштер.
- Дән сепкiштерге автоқұйғыштар.
- Тыңайтқыш енгiзуге арналған автомашиналар.
- Ұшақтарға минералды тыңайтқыштарды және улы химикаттарды автотиеуiштер.
- Тең штабельдерiн автотасымалдауыштар.
- Автотұзақжемшашқыш.
- Пәлекжинағыш машиналар.
- АН-2 ауыл шаруашылығы әуе кемесi.
- Өздiгінен жүретiн дестелегiштер.
- Астық жинағыш комбайндар.
- Тракторлар, өздігінен жүретін шассилер және мобильді энергетикалық құралдар.
- Азық жинағыш комбайндар.
- Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi автомобиль-шеберханалар.
- Өздiгінен жүретiн шөп шапқыштар.
- Маялағыштар.
- Жинағыш комбайндар (тамыржемiстiлердi, картопты, қызанақты, көк бұршақты, мақтаны және басқа да ауыл шаруашылығы өнімін жинауға арналған).