Аймақтарда аграрлық салаға жеңілдікпен несие алу үшін онлайн-өтініш беру басталды
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарлама қатысушыларына несие беру үшін онлайн түрде өтініш қабылдай бастады-деп жазды «Деловой Казахстан» газеті.
Енді қарыз алу үшін өтінішті үйден шықпай-ақ жіберуге болады, бұл ауыл тұрғындары үшін шығынды азайтады, әсіресе шалғай елді мекен тұрғындары үшін қолайлы.
Несие алушы адам электрондық цифрлы қолтаңбаның көмегімен мемлекеттік дерекқорлардан оның атынан құжаттарды сұратуға келісім береді, сондай-ақ өтінішке, бизнес-жоспарға және басқа да құжаттарға қол қоюға мүмкіндігі бар. Осылайша несие алуда көп қағаз толтырмауға болады.
Өтінім келіп түскеннен кейін жүйе қарыз алушының кредит қабілеттілігін тексеріп, сондай-ақ қормен аффилиирленуін тексеруді жүзеге асырады.
Бұрын сараптама жүргізіп, қорытындыны кредиттік бөлімге тапсыру үшін екі жұмыс күні қажет болса, қазір бұл тексеруді жүйе бірнеше минут ішінде автоматты түрде олрындайды. Сонымен қатар бірнеше минут ішінде клиенттің кредиттік тарихы автоматты түрде қаралып, мәліметтер кредиттік бөлімге түседі. Бұл "Мемлекеттік несие бюросы" АҚ-мен интеграциялау жұмыстарының нәтижесінде қолжеткізілді.
Бизнес-үдерістерді автоматтандыруға байланысты жұмыстар "ҚазАгро" холдингін трансформациялау аясында өткен жылы енгізілген еді. Кредитке онлайн-өтінім жасау жүйесін пилоттық түрде енгізу Холдингтің еншілес компаниясы болып табылатын Астаналық бөлімшеде былтырғы жылы басталды. Несие алудың жаңа механизмін үйрету үшін өңірлерде онлайн-жүйе бар компьютерлер орнатылған. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының филиалдарына келген адамдарға менеджер-кеңесшілер көмектеседі. Қордың қызметкерлері уақыт өте келе бұл жүйе кең таралып, қала және ауыл тұрғындарына несие алу үшін керекті құжаттарды тез дайындауға және оларды жинауға шығын аз жұмсайды деген сенімде.