Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ауылшаруашылық өнімдерін форвардты сатып алу туралы хабарлады
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы ауылшаруашылық өнімдерін форвардты сатып алу басталғанын жариялады.
Азық-түлік келісім шарт корпорациясы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, екінші деңгейлі банктердің кепілдігімен 365 мың тонна өнім сатып алады. Фермерлер үшін міндеттемелерді орындау мерзімі - 2020 жылдың 15 қарашасы.
Азық-түлік келісім шарт корпорациясы сатып алатын ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес келуі керек.
Дақылдың атауы | Алдын ала төлем мөлшері, теңге | |
ҚҚС төлемейтіндер үшін | ҚҚС төлейтіндер үшін | |
Азықтық бидай | 45 000 | 50 000 |
Арпа | 27 000 | 30 000 |
Күнбағыс | 45 000 | 50 000 |
Қарақұмық | 27 000 | 30 000 |
Ауылшаруашылық өнімдерді беру бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда айыппұл мөлшері орындалмаған міндеттемелер сомасының 10%-ын құрайды. Алдын ала төленген ақша қайтарылмайды.
Жеткізілген ауылшаруашылық өнімдеріне қосылатын үстеме ақы сол күз мезгіліндегі нарықтық бағамен есептеледі.
Сатып алуға қатысушылардың тізімін Азық-түлік келісім шарт корпорациясы жасайды және жергілікті атқарушы органдар құратын алқалы кеңес бекітеді.
Форвардты сатып алуға қатысу үшін фермерлер Азық-түлік келісім шарт корпорациясының интернет-ресурсына (www.fcc.kz) электронды түрде өтінім жіберуіне болады немесе қағаз жүзінде Азық-түлік келісім шарт корпорациясының аймақтық өкілдіктеріне келесі мекен-жайлар бойынша өтініш беруі керек:
Ақмола облысы: Көкшетау қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 55-11-52, 42-25-22, +7 701 795 09 98;
Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қаласы, Бейбітшілік к-сі, 30, 206 бөлме, тел. (8-723-2) 25-44-77, 56-06-57;
Қостанай облысы: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік к-сі, 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 54-28-20, 54-28-94;
Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қаласы, Партизан к-сі, 160, тел. (8-715-2) 42-27-24, 42-27-23, 55-11-64, 55-11-61.
Алдын ала сатып алу шарттары мен ережелерін түсіндіру үшін Азық-түлік келісім шарт корпорациясының орталық аппаратында анықтама телефон желісі құрылған: 8-717-2 59-12-48, 59-12-73, 59-12-39, +7 702 513 69 79 (WhatsApp).