01 июня 2020 Астық

Егін егу жұмыстары Қазақстанның екі облысында және Шымкентте аяқталды

1 маусымда Қазақстанда 17012,9 мың гектар жерге көктемгі егін егу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің көктемгі дала жұмыстары туралы жедел есебінде айтылды.

18 590,3 мың га алқапқа ауылшаруашылық дақылдарын себу жоспарланған болатын (2019 жылы - 18 402,1 мың га), орындалғаны – 17 012,9 мың га немесе 91,5% (2019 жылы– 17 154,0 мың га немесе 93,2%).

Сонымен қатар Ақтөбе, Атырау облыстары мен Шымкентте егін егу жұмыстары аяқталды.

1 маусымдағы көктемгі егіс көлемі

Астық және бұршақ дақылдары

13342,9  мың га

90,8%

Майлы дақылдар

2700,7 мың га

89,7%

Бақша дақылдары және картоп

422,3 мың га

89,5%

Көпжылдық өсімдіктер

401,3 мың га

138,9%

Мақта

125,2 мың га

113,8%

Қант қызылшасы

20,5 мың га

93,2%

Егін егу жұмыстары республиканың 12 аймағында жалғасуда, олар: Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан аймақтары.