Қызылорда облысында күріш өсіріліп, экспортталады
Қызылорда облысында өсірілетін күріш шетелде үлкен сұранысқа ие. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Абзал және Компания» серіктестігінің «Элита» күріші Монғолия, Ауғанстан, Украина, Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Тәжікстан және басқа да ТМД елдеріне экспортталады. Компания ресейлік және қазақстандық стандарттарға сәйкес тазартылған майда күріш өндіреді, деп хабарлады әкімдіктен.
Өңірдегі күріш өңдейтін ірі зауыттардың бірі - Қызылорда қаласында орналасқан «Абай Дәулет» ЖШС болып табылады. Аталған зауыт заманауи корей технологиясын қолданады, оның қуаттылығы сағатына 7-10 тоннаны құрайды. Өнімнің 60 %-ы сыртқа экспортталады.
Айта кету керек, Қызылорда облысындағы тамақ өнеркәсібінің 50 пайызы күріш өңдеуге байланысты. Жаңа технологияларды қолдана отырып, астық қайта өңделуде. Мысалы, облыста 45 ірі және 29 шағын зауыт бар, олардың 27-сі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Бүгінгі таңда облыстағы барлық күріш өңдеу кәсіпорындарының жылдық қуаттылығы 408,5 мың тоннаны құрайды, ал облыста ауылшаруашылық өндірісі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге артты. Экспорт көлемі - 31%-ды құрайды.