18 июня 2020
Астық
Қазақстандық бидайдың бағасы сатып алушылардың көңілінен шықпауда
17 маусым күні Еуразиялық сауда жүйесінде бидай сату бойынша бірде-бір мәміле жасалған жоқ.
Сатушылар аукционға алты лот ұсынды, бес лот бойынша бес мың тонна, бір лот бойынша 2 мың тонна шығарылды.
3 сұрыпты бидайдан екі лот (бір тоннаның бағасы 94 мың теңге), 4 сұрыпты бидайдан төрт лот (бағасы -88 мың теңге) болды.
Сатып алуға байланысты бірде бір ұсыныс болған жоқ.