02 июля 2020 Астық

ETS-те қазақстандық бидайға деген сұраныс артуда

1 шілде, сәрсенбі күні астық сатып алушылар Еуразиялық сауда жүйесінде бидай сатып алуға төрт өтінім берді.

Алайда ұсынылған баға сатушыларға ұнамады. Егер сатып алушылар 3-ші сұрыпты  астықтың тоннасына 89,5 мың теңге ұсынса, сатушылар 94 мың теңге сұрады.

4 сұрыпты бидайдың тоннасына сатып алушылар 84,5 мың теңге төлеуге дайын еді, алайда сатушылар 88 мың теңге сұрады.

Нәтижесінде жеті лот сатылымға шығарылса да, бір де бір сауда мәмілесі жасалған жоқ.