14 июля 2020
Астық
ETS-те астық сатып алушылар бидай бағасын түсіруге тырысты
Еуразиялық сауда жүйесінде қазақстандық бидайды сатып алушылар аукционға қойылған бағаны түсіруге тырысты. 13 шілде, дүйсенбі күні бірде-бір мәміле жасалған жоқ.
Аукционға 3 –ші сұрыпты бидайдың екі партиясы (бағасы 94 мың теңге) шығарылды және 4-ші сұрыпты бидайдың бес партиясы (бағасы 88 мың теңге) қойылды.
Астық сатып алушылар 3-ші сұрыпты бидайға 87 мың теңге, ал 4- сұрыпты бидайға 82 мың теңге ұсынды.
Сауда-саттық жасаушылар бір келісімге келе алмады.