15 июля 2020 Астық

ETS-те 32 мың тонна бидай сатылымға шығарылды

14 шілде, сейсенбі күні Еуразиялық сауда жүйесінде аукционға жеті лот қойылды. Екеуі 3-ші сұрыпты бидай, ал бесеуі 4-ші сұрыпты бидай болды.

3 –ші сұрыпты астыққа 94 мың теңге баға қойылды, ал сатып алушылар небәрі 87 мың теңге ұсынды.

4- ші сұрыпты астықтың ұсыныс бағасы 88 мың теңге болды, бірақ сатып алушылар 82 мыңнан артық теңге бермейтіндіктерін жеткізді.

Нәтижесінде бұл күні ешқандай сауда мәмілесі жасалмады.