22 июля 2020
Астық
ETS –те трейдерлер бидай бағасын арзандатпай отыр
21 шілде, сейсенбі күні Еуразиялық сауда жүйесінің биржасында бидай сату бойынша жеті лот аукционға қойылды. Алайда бірде-бір сауда мәмілесі жасалмады.
Бұл күні сатып алушылар астықтың бағасымен келіспеді, себебі 3-ші сұрыпты бидайдың тоннасы үшін 94 мың теңге және 4-ші сұрыпты бидайдың бағасы 88 мың теңге болған еді.
Сонымен бірге, сатып алушылар өтініш берген кезде анағұрлым төмен бағаны жазып көрсетеді, мысалы 3-ші сұрыпты астық үшін 87 мың теңге және 4-ші сұрыпты бидай үшін 82 мың теңге деп жазып толтырған.