28 июля 2020 Астық

ETS-те көп мөлшерде бидай сатылды

Дүйсенбі, 27 шілде күні Еуразиялық сауда жүйесінде астық сату бойынша ірі сауда жасалды.

Әдеттегідей жеті лот аукционға қойылды: бес лот - 4 –ші сұрыпты бидай, екеуі - 3 –ші сұрыпты бидай болды. Жалпы бидай мөлшері -42 мың тоннаны құрады. 3-ші сұрыпты астық  үшін саудагерлер 94 мың теңге, 4-ші сұрып үшін 88 мың теңге сұрады.

Алайда, ең үлкен партия астықты сатушы 15 мың тонна 4 –ші сұрыпты бидайдың тоннасына 87 мың теңгеге дейін төмендетуге келісті. Нәтижесінде 7299 тонна сату туралы келісім жасалды.

Сатып алушы 635 миллион 13 мың теңге төледі.