Астық экспортына баж салығын Ауыл шаруашылығы министрлігі әлі қолдаған жоқ
ҚР Қаржы министрлігі қазақстандық астыққа экспорттық баж салығын енгізу туралы бастама көтерді. Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл ұсынысты әлі қолдамады, бірақ оны салалық одақтардың қатысуымен зерттейді, деп хабарлады ведомствода.
Әзірге баждарды енгізу мәселесі бойынша шешім қабылданған жоқ.
«Қазіргі уақытта Қаржы министрлігінің бастамасы бойынша бірқатар АӨК тауарларына экспорттық кедендік баж енгізу мәселесі қаралуда. Бұл ретте баждың енгізілуі саланың жай-күйіне және ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қаржылық жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін деп есептейміз. Осыған байланысты бұл мәселе мүдделі салалық қауымдастықтармен және одақтармен пысықталуда, содан кейін Министрліктің ұстанымы ҚР Қаржы министрлігіне жіберіледі», - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.