Қазақстанда 8 млн тоннаға жуық астық бастырылды
Бүгінгі таңда Қазақстанда 5,4 млн гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі гектардан 14,7 ц болған кезде 8 млн тоннаға жуық астық бастырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Бидай 3,7 млн га жиналды, өнімділігі гектардан 14,2 ц кезде 5,4 млн тонна бастырылды, арпа – 1,2 млн га, өнімділігі гектардан 15,8 ц болған кезде 1,9 млн тонна бастырылды, сұлы – 99,4 мың га, өнімділігі гектардан 14,7 ц болған кезде 145,9 мың тонна бастырылды", - деп хабарлады ведомствода.
Майлы дақылдар 67,3 мың га алқаптан жиналды, орташа өнімділігі гектардан 10,2 ц болған кезде 68,6 мың тонна бастырылды.
Сонымен қатар, 41,1 мың гектар алқаптан гектардан 260,4 ц өнімділікте 1 млн тоннадан астам картоп жиналды, көкөніс дақылдары 77,4 мың гектардан жиналды, гектардан 242 ц өнімділікте 1,9 млн тоннаға жуық жиналды.
Бақша дақылдары 92,4 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі гектардан 252,9 ц, жалпы алым 2,3 млн тоннадан асты.
АШМ деректері бойынша егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың дестелегіш және 195 мың басқа техника жұмылдырылған.