Қазақстанда бидай қоры 6 млн тоннадан асады
Қыркүйек айының басында Қазақстанда астық қоры 8,2 млн тоннаны құрады, оның ішінде бидай – 6,2 млн тоннадан астам. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Астықтың жалпы көлемінің ішінде азық-түлік қоры 6,4 млн тоннадан асады, тұқым – 208 мың тонна және жем-шөп – 1,5 млн тонна.
Азық-түлік бидайы қоймаларда шамамен 5,4 млн тоннаны құрады, тұқым қорында 134 мың тонна, 743 мың жем-шөп үлесіне тиесілі.
Статведомствоның мәліметінше, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қоймаларында 2,8 млн тоннадан астам астық, элеваторларда – 2,2 млн тоннадан астам, фермерлік шаруашылықтарда – 1,4 млн тоннадан астам, көтерме саудагерлерде – 155 мың тоннадан астам астық бар. Ұн тартушылардың қоры 814 мың тоннаны және басқа заңды тұлғалардың 578,6 мың тоннасын құрады.
Арпа қоры 1,3 млн тоннадан асты: 631 мың тонна – азық-түлік, 689 мың тоннаға жуық – жемдік және 49 мың тоннаға жуық – тұқым.
Сонымен қатар, Қазақстанда жүгері қоры 59 мың тоннаны, күріш – 31 мың тоннаны, қара бидай – 41 мың тоннаны, сұлы – 113 мың тоннаны, қарақұмық – 44 мың тоннаны құрады.