24 августа 2020
Астық
ETS –те сауда басталды
Еуразиялық сауда жүйесіндегі биржада ұзақ уақыттан кейін бидай сатушылар саудасын бастады.
Соңғы рет азық-түлік астығы бойынша ұсыныстар 3 тамызда ETS-ке шығарылған еді. Сонымен, 20 және 21 тамызда сатушылар қайтадан сатып алушыларды іздестіре бастады. Осы уақыт ішінде бағалар өзгерген жоқ – 3-сұрыпты астықтың тоннасы 94 мың теңгеден болды, 4-сұрыпты бидай-88 мыңнан ұсынылды.
Саудаға шыққан бидайдың жалпы көлемі 15 мың тоннаны құрады. Алайда, бірде-бір келісімшарт жасалған жоқ. Шамасы, трейдерлерге қазіргі баға деңгейі ұнамады және олар жаппай егін жинау кезеңінде астық құны төмендейді деп үміттенуде.
Астық жинау науқаны осы аптада басталады.