25 августа 2020 Астық

ETS- те 2500 тонна бидай сатылды

Еуразиялық сауда жүйесі биржасында 4-сұрыпты азық-түлік астығын сату бойынша саду мәмілесі 24 тамызда жасалды. Бұл тамыз айындағы алғашқы келісім.

3-21 тамыз аралығында сатушылар биржаға оралған кезде бидай бойынша сауда-саттық өткізілмеді. Алайда, сатып алушылар үшін баға тым жоғары болды, яғни- 3- сұрыптың тоннасы үшін 94 мың теңге және 4- сұрып үшін 88 мың теңге болды.

Ал 24 тамызда баға аздап төмендеді, бұл бірден мәміле жасауға әкелді. Сатып алушы тоннасына 87 мың теңгеден 4- сұрыпты 2500 тонна бидай сатып алды. Партияның жалпы құны 217,5 млн теңгені құрады.