Қазақстандағы астық қоры қараша айының басында 23 млн тоннадан асты
Қазақстанда 1 қарашада дәнді және бұршақ дақылдарының қоры шамамен 23 млн 424 мың тонна көлемінде есептелді, оның ішінде бидай – 18 млн 783 мың тонна. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Астықтың жалпы көлемінен азық-түлік қоры 18 млн 920 мың тоннадан астам, тұқым – 1 млн 222 мың тонна және жемдік – 3 млн 282 мың тоннаны құрады.
Азық-түлік бидайының қоймаларында шамамен 16 млн 422 мың тонна, тұқым қорында 982 мың тонна, 1 млн 379 мың тонна жемдік болды.
Статведомствоның мәліметінше, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қоймаларында шамамен 9 млн 707 мың тонна астық, элеваторларда – 5 млн 449 мың тоннаға жуық, фермерлік шаруашылықтарда – 5 млн 059 мың тоннаға жуық, көтерме саудагерлерде – 210 мың тонна астық болған. Ұн тартқыштардың қоры 1 млн 369 мың тоннаны және басқа заңды тұлғалардан шамамен 1 млн 545 мың тоннаны құрады.
Айдың басында арпа қоры 2 млн 974 мың тоннаны құрады: 1 млн 438 мың тонна – азық-түлік, шамамен 155 мың тонна – тұқым және 1 млн 381 мың тонна – жемдік.
Сонымен қатар, Қазақстанда жүгері қоры шамамен 362 мың тоннаны, күріш – 260 мың тоннаны, қара бидай – 39 мың тоннаны, сұлы – 299 мың тоннаны, қарақұмық – 111 мың тоннаны құрады.